Рим Папасы Сирияны бейбітшілікке шақырды

0
149
дереккөзден

Рим папасы Франциск Сириядағы, атап айтқанда Шығыс Ғұтадағы жағдайды ескере отырып шабуылды дереу тоқтатып, мұқтаждарға көмек көрсетуге шақырды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарсаңында бүкіл ел бойынша 30 күндік атысты тоқтатуды бірауыздан қолдады. Осыған қарамастан, бақылаушылардың айтуынша, Дамаск маңындағы шабуылдар тыйылмай тұр. Сирия Үкіметі өз кезегінде шабуылға исламшылдар мен оппозиционерлерді айыптайды.

Рим папасы «Бұл адамгершілікке жатпайды. Басқа жамандық жасау арқылы екінші бір жаман әрекетке қарсы тұра алмайсыз. Сондықтан мен гуманитарлық көмек, азық-түлік және дәрі-дәрмектерге қол жеткізу үшін, жараланғандар мен науқастарды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырамын», – деп мәлімдеді.

Батыс бақылаушыларының айтуынша, өткен аптада Шығыс Ғұтада 500-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, оның ішінде шамамен 120 бала көз жұмған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз