«Зәйтүн сабағы» операциясының бірінші кезеңі аяқталды

0
126
Yenicag.ru

Түркия Африндегі (Сирия) «Зәйтүн сабағы» операциясының бірінші кезеңін аяқтады.

HaberTürk телеарнасы таратқан ақпарға сәйкес, Сирия аумағына енген Хатай және Газиантеп провинциясының әскерилері бірігіп, Африн аймағының маңында ай тектес сызық құрған.

Қаңтар айының соңында Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым БАҚ өкілдеріне операция төрт кезеңді құрайтынын мәлімдеген.

HaberTürk иллюстративті сурет

20 қаңтарда Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастайтынын мәлімдеді. Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарабының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз