Астана Сирия аумағындағы соғыс әрекетін құптамайды

0
94
ҚР СІМ

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша, елдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін әскери қимылдардың тоқтатылуын реттейтін қарарын қабылдауды құптайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сирияның бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Шығыс Ғұтада көптеген бейбіт азаматтардың, оның ішінде әйелдер мен балалардың өліміне әкеліп соқтырған зорлық-зомбылықтың артқаны жағдайында бұл құжаттың маңыздылығын атап өтеміз.

Қабылданған қарардың орындалуы халықаралық құқыққа сәйкес Сирияның зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық жəрдем көрсетудің қауіпсіз және кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдардың бірі болады.

Қарардың ережелерін толығымен сақтауға шақыра отырып, барлық мүдделі елдерден Сириядағы қақтығысты тез арада реттеу мақсатында қақтығысушы тараптар арасында сенім шараларын нығайту жолында нақты қадамдар қабылдауы үшін өздерінің беделі мен ықпалының пайдалануын күтеміз.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, Сирия бойынша Астана процесінің тәжірибесіне сүйеніп, осы елдегі ахуалды, бірінші кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Женевадағы келіссөздерді жалғастыру және оған жалпы практикалық қолдау көрсету арқылы бейбіт жолмен шешуден өзге балама жоқ екеніне сенімді.

Еске сала кетейік, өткен аптада Сирия Үкіметі жасаған шабуыл нәтижесінде Шығыс Ғұтада 500-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, оның ішіндегі шамамен 120-сы балалар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз