«Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс»

0
101

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен кезекті кездесуінде қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудың маңыздылығына баса назар аударды.

Мемлекет басшысы «Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Бұл ретте ілеспе аударма жасау мүмкіндігі бар»,– деді.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған мәлімдемесінде Мемлекет басшысы латын қарпіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын айтып, қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты зерттеуді тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз