Рим папасы Франциск 10-11 қазан Астанада өтетін әлем және дәстүрлі дін өкілдерінің VI съездіне қатыспайды. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев хабарлады, деп жазады “Интерфакс”.
Алдағы елордада өтетін съездге Рим папасының қатысуына байланысты сауалға жауап берген Кәлетаев “Ол қатыспайды. Өкілі қатысады”, – деп жауап қайырды.
Бұдан өзге Кәлетаев әлем және дәстүрлі дін өкілдерінің съездіне бірқатар маңызды фигуранттар қатысатынын да құлағдар етті. “Сербия президенті, Индонезияның вице-президенті қатысады деп күтілуде”, – дейді министр.
Бұған дейін Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев Ватиканның мемлекеттік хатшысына Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың Рим папасын Астанада өтетін әлем және дәстүрлі дін өкілдерінің съездіне қатысуға шақыртуын айтқан еді.
Бұл жолғы съездің басты тақырыбы – “Бейбіт әлем үшін дін көшбасшылары”.