Саясаткер Талғат Қалиев өзінің телеграм каналында Яков Миркинге сілтеме жасай отырып, болашақ дағдарыстан қорғанудыың 15 ережесін ұсынды.
“Біз дағдарысқа дайындалып жатқан жоқпыз – біз өмір сүрудеміз. Дегенмен, санамыздың бір түкпірінде дағдарыстың болатынын ұғынамыз. Дағдарысқа сынбау үшін бүгін жақсы өмір сүру керек”, – деп жазған саясаткер төмендегі ережелерді ұсынады:
”
-
Шекті мобильділік. Еңбек нарығында өзіңді жоғары бағалау. Тәуелсіз кіріс көздері. Неге? Себебі, дағдарыс уақытында жұмыстан қысқартады немесе ақшаны қияды.
-
Шекті шыдам мен денсаулық. Әзірге тренд біреу- мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін қысқарту. Дағдарыс тәмамдалады. Дағдарыстан стресс туындайды. Бұл отбасы мүшелеріне де қатысты. Дағдарыста әдетте, бір мәселенің ұшы біріне тиіп кетеді. Дағдарысқа өзіңізді басыбайлы етпеңіз.
-
Шекті жылдамдық. Дәреже, кіріс әрі мүлік тұрғысынан қаншалықты ірі болсаңыз, дағдарыста соншалықты оңай болады. Үлкен көлікке аз соқтығады. “Элит” тауарлардың дағдарыс уақытында нарықтағы бағасының құлдырауы да тегіннен емес.
-
Өз есебіңе ғана сену. Дағдарыс уақытында ауқымды несиеге кіру отбасыны құртады. Пайызы өсе береді. Төлемақы бағаға құлдырайды. Несиені қайтару талап етіледі. Еркін ақша бірден кемиді.
-
Валюталық активтер – пайдалы. Тіпті рубль тұрақты болып тұрса да. Тіпті рубль нығая түссе де. Мәселе неде? Мұның бәрі уақытша ғана. Рубль әзірге құтқарушы емес. Мүмкін кей кездері бола жатар.
-
Валюталық қарыздардың аз болуы. Әдетте, дағдарыс уақытында рубльдің құлдырауы орын алады. Әзірге ширек ғасырдан асқан, басты тренд – рубльдің құлдырауы. Бұл үрдіс сақталып келеді.
-
Отбасыда резерв болуы қажет. Бәрінен бұрын ақшалай. Бірақ артық емес, ол өсуге кедергі келтіреді. Құрығанда бұл ақша жылына жарты өмір сүруіңізді қамтамасыз етуі керек.
-
Тіпті қалыпты уақыттың өзінде дағдарысқа еніп кететіндермен қарым-қатынас жасамаған жөн. Қарым-қатынас болған күннің өзінде шағын уақытқа ғана. Тыныш уақыттың өзінде алға жылжыған дұрыс. Дағдарыс ауыр тиеді.
-
Дағдарысқа байланысты ететін міндеттерге өзіңізді басыбайлы етпеңіз.
-
Артық бекітілген дағдарыс уақытында қысқартуға болмайтын шығындарды жауапкершілікке алмау қажет. Артық дағдарыс тұтынушылыққа өтіп кетпеуі қажет. Бәрі өзі бола қалатындай жоғары стандарттарға үйір болмаған жөн. Стандарттарды төмендету қажет.
-
Шекті жұмыс істеу, өз-өзіңді іздеу қажет, бірақ болашақта отбасының кірісін төмендететін асығыс шешімдер қабылдамау қажет. Дағдарыс уақытында тұрақты, “Х” сәтте жоғалып кетпейтін отбасылық кіріс көзін ұлғайтқан жөн.
-
“Стресс-тестер” жасап тұру. Егер дағдарыс бүгін не ертең басталса, бізге не болар еді? Шыдаймыз ба? Қанша уақытқа? Нені қысқартамыз? Нені аз қолданамыз? Егер рубль пайыздап құлдыраса ше? Қандай активтер тәуекелде тұр? Қайтарымы жоқтары ше?
-
Бұғаттау реформаларының тәуекелін есепке алу қажет. Қолма-қол доллар айналымына тыйым салынса, отбасы күн көре алады ма? Немесе табан астынан қаражатты кәмпескелеу реформасы пайда болса ше? Онда не болмақ? Мүмкін емес пе? Әлде ақылға қонымды ма? Дағдарысқа шатылған мемлекетте бәрі болуы мүмкін.
-
Тәуекелді басым пайдаланбау қажет. Бәрінен бұрын валюталық, несиелік, ликвидациялық, пайыздық, нарықтық, операциялық. Соңғысына криминалды тәуекел, қате тәуекелі енеді. Дағдарыс бірден жайылып кетеді.
-
Дағдарыста байланыс арқылы ғана тірлік кешуге болады. Өз әлемінді құру, өз желінді құру. Он жерден интраверт болсаңыз да. “Х” сәттерде тұрақты бола аласыз. “