Ә. Жақсыбеков “Цесна” АҚ директорлар Кеңесін басқарады

0
108
дереккөзден

ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков “Цесна” АҚ корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

“Цесна” АҚ Корпорациясы Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап “Цесна” Корпорациясы” АҚ-ның директорлар Кеңесі лауазымына тағайындалғанын хабарлайды”, – деп мәлімделеді.

Корпорация сайтының ақпарына сәйкес, ірі акционер: Әділбек Жақсыбеков, корпорацияның 35 пайызына иелік етеді, немесе 6 562 500 дана жай акциялары  Жақсыбековке тиесілі; Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы жай акциялардың 74, 2 пайызына ие, оның ішінде жай акциялардың 39,2 пайызы немесе 7 350 000 дана жай акция Д. Жақсыбековтың тікелей иелегінде, 35 пайыз немесе 5 652 500 дана жай акция  сенімді органга Дәурен Жақсыбеков арқылы қабылданған.

Атап өтерлігі, Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Аталған лауазымға Астана қаласының экс-әкімі Әсет Исекешев тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз