Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 14.00- дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8% сайлау бюллетеньдерін алды, деп xабарлады Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында ОСК мүшесі Ләззәт Сүлеймен. Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша- 56,7%
Ақтөбе облысы бойынша- 69,4%
Алматы облысы бойынша- 63,0%
Атырау облысы бойынша- 45,4%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша- 59,8%
Жамбыл облысы бойынша- 56,3%
Батыс Қазақстан облысы бойынша- 49,9%
Қарағанды облысы бойынша- 49,7%
Қызылорда облысы бойынша- 63,1%
Қостанай облысы бойынша- 55,8%
Маңғыстау облысы бойынша- 52,4%
Павлодар облысы бойынша- 45,9%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша- 53,6%
Түркістан облысы бойынша- 49,3%
Нұр- Сұлтан қаласы бойынша- 37,6%
Алматы қаласы бойынша- 37,0%
Шымкент қаласы бойынша- 40,5%
Бүгін 9 маусымда Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы өтуде. Сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 адамды құрайды.