Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен шерулерде жүзге жуық адам тұтқындалды

0
161
Фото: tengrinews.kz

9 маусым Нұр-Сұлтан мен Алматыда шерулер өткен. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев ОСК-та өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

“Нұр-Сұлтан мен Алматыда Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған экстремистік ұйым Қазақстанның демократиялық таңдауы (ДВК*) насиxаты негізінде бірнеше жүздеген адам жиналған. Бұған дейін айқын болғандай ұйымның қашқында жүрген жетекшілері елдегі билікті қаралау, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау, сайлау қарсаңында қоғамға қарсы шараларға шақырған”,- деп мәлімдеді ІІМ өкілі. 

Нұр-Сұлтан мен Алматыда қанша адамдардың тұтқындалғаны туралы сұраққа Қожаев “сөз жүзге жуық адам туралы болып жатыр” деп жауап берді.

Халықты шетелден жасақтау жұмыстарының еш салдарсыз қалмағанын, жұртшылықтың кей бөлігі мұндай насиxатқа еліткенін алға тартқан ІІМ өкілі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің бұзылмауы үшін шаралардың қолға алынып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Қожаев мұндай деструктивті насиxат жұмыстарының жүргеніне қарамастан, xалықтың басым көбі сайлауға барып, өз еріктерін танытуда деді. 

Еске салсақ, 9 маусымда ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Сағат 16.00-дегі Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпарға сәйкес ел бойынша сайлауға келушілер 65,9 % құрады. Оның ішінде Ақтөбе облысы (79,7%), Алматы облысы (78,9%), Ақмола облысы (75,1%) көш бастады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз