Сенат төрағасы Индонезия президентімен кездесті

0
140
/Сенат

Индонезияда мемлекеттік сапарда жүрген Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодомен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Қ. Тоқаев Индонезия президентін биылғы қазан айында Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыруды табыс етті. Сенат Төрағасы жер жүзіндегі ірі мұсылман мемлекеті басшысының Астана форумына қатысуы, ислам әлеміндегі Индонезияның маңызды рөлін ескере келгенде, «Діни қайраткерлер қауіпсіз әлем жолында» тақырыбына арналған алдағы саммиттің табысты өтетініне ықпал ететінін атап өтті. Қ.Тоқаев екіжақты қатынастардың келешегі туралы айта келіп, Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші елдердің бірі – Индонезиямен жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше маңыз беретініне назар аударды. Бұдан өзге Сенат төрағасы Исламдық қаржыландыру саласындағы Индонезияның мол тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан тарапы Астана халықаралық қаржы орталығының аясында Индонезия қаржы институттарын жұмысқа тартуға ықылас білдіріп отырғандығын алға тартты.

Индонезия президенті өз кезегінде Қазақстан президентінің шақыртуына алғыс білдіріп, саяси, экономикалық және мәдени екіжақты байланыстарды ұлғайту мақсатында барлық шараларды қабылдау жөніндегі ниетін жеткізді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз