Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны

0
231
ШҚО ТЖД баспасөз орталығы

Шығыс Қазақстан облысында аймақтарды жауын-шашын салдарынан су басты. Төтенше жағдайлар департаменті жауын-шашын суларының салдарын жою барысы туралы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД (Төтенше жағдайлар департаменті) жауын суларының салдарын жою үшін арнайы жасақтар мен апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамдағы 1000-нан аса адам, 300 техника, 56 жүзу құралдары мен 58 мотор сорғысы жұмылдырылады, деп хабарлайды. Жедел штабтың да жұмысы ұйымдастырылған.

Атап өтерлігі, аймақта бір тәулікте айлық есептегі жауын-шашын түскен.

«Аймақтағы табиғи жағдай салдарынан 22 жекеменшік үй мен 148 тұрғынжай аумағын су алған. Аягөз, Ұлан, Глубоковский аудандары мен Өскемен қаласы осалдау», – деп хабарланады.

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің және жергілікті полицияның көмегімен су алған үйлерден 23 адам құтқарылған. Барлық азаматтар туыс-туғандарының үйіне орналасты.

Мамай-батыр ауылында су деңгейінің көтерілуі салдарынан көпірді де су басқан. Су елді-мекенге жетпеген. Аймақ Төтенше жағдайлар бөлімі мен Ұлан ауданы жергілікті атқару органының бақылауында.

Аягөз ауданына құрамында 20 адам мен 5 техника бар құтқару тобы бағыт алды. Су басу қаупі тұрғын үйлерге төніп тұр. Бір тәулік ішінде құтқару қызметіне 1000-ға жуық адам қоңырау шалған.

Кейіннен ТЖД Аягөз ауданында аудан әкімінің бұйрығымен жергілікті масштабта Төтенше жағдай жарияланды. Жауын-шашын салдарынан су басу қаупінде 20 тұрғын үй тұр. Аудандық төтенше жағдайлар департаментінен және өрт сөндіру бөлімінен 300-ден астам адам эвакуацияланған.

«Өскемендегі әріптестеріне көмекке құрамында 20 адам бар Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы, 5 бірлік техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды», – деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз