Орта Азия басшыларының іскер кездесуі Астанада өтеді

0
300

15 наурызда Астанада Орталық Азия мемлекет басшыларының іскер кездесуі өтеді. Аталған кездесуге президент Н. Назарбаевтан өзге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан президенттері қатысады деп күтілуде. Бес жақты кездесу Орталық Азия елдерінің бәріне ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында өтуі ерекше мәнге ие, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан өзге 13 наурызда мемлекет басшысы Корея Республикасының Ұлттық Ассамблея спикері Чон Се Гюнмен кездесу өткізеді. Ал 14 наурызда президенттің шақыртуымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік іс-сапармен келеді деп күтілуде.

15 наурызда Орта Азия басшыларының бес жақты кездесуінен өзге Өзбекстанның Қазақстандағы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Салтанатты рәсімге Өзбекстан президенті Ш. Мирзиёев пен мемлекет басшысы Н. Назарбаев қатысады деп күтілуде.

16 наурызда Н. Назарбаев Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерімен (Сирия бойынша Астана процесінің кепіл елдері сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі) кездеседі.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз