Тегеран Женевадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерден қарқын күтпейді. Астана процесі әлдеқайда нәтижелі деп есептейді Иранның Ислам Консультативтік Кеңесі төрайымы Әли Лариджани.
Лариджанидің айтуынша, Женева процесі саяси тұрақтандыруды баяулатады, ал Астана процесі – мәселені тұрақтандыру ортасы, деп жазады РИА Новости.
Бұдан өзге Лариджанидің пікірінше, Сирия аумағында және Ирактың солтүстігінде америкалықтардың болуы «жойқын сипатқа ие».
Атап өтерлігі, Сириялағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Қақтығысты тоқтату және саяси жағдайды тұрақтандыру мәселелері бойынша келіссөздер Астанада және Женевада талқыланады. Астана келіссөздерінің 8 раунды 22 желтоқсанда түйінделді. Кезекті Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің 9 раунды ақпан айының екінші жартысына жоспарланды.
Сабина Сайлаубай