Түркияға Еуроодақта орын жоқ – Австрия канцлері

0
65
дереккөзден

Австрия канцлері Себастьян Курц Анкараның соңғы уақытта ұстанып келе жатқан саясатына байланысты, Түркия Еуроодаққа мүше бола алмайды деп мәлімдеді.

Бұл елде адам құқықтары өрескел бұзылады деп мәлімдеген Курц ЕО-ның бәрін бақылап отырса да, ештеңе білмейтіндей түр көрсетуін қабылдай алмайтынын алға тартты, деп жазады Tengrinews.kz. Түркияның соңғы жылдардағы ұстанып отырған саясатына байланысты оған ЕО-да орын жоқ деп мәлімдеген Курц Түркияның ЕО-ға қосылуына қатысты келіссөздерді доғарған әділетті болар еді деп атап өтті.

Бұдан бұрын Түркия СІМ Венаның Түркияның ЕО-ға қосылуына қатысты келіссөздерге қарсылық танытқан жаңа үкімет бағдарламасына наразылық білдірді.

Атап өтерлігі, ЕО мен Түркияның қарым-қатынасы елдегі қарулы төңкеріс әрекетінен кейін шиеленісті, ЕО түрік билігін, жаппай тұтқындау әрекеттерін және Анкараның т.б шараларын сынға алып, Түркияның ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздердегі жаңа бөлімдерінің ашылуына дайындықты тоқтатқан еді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз