Саудияда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 20 күдікті босатылды

0
92

Сауд Арабиясы үкіметі әділет органдарымен келісім жасағаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп қамауға алынған жиырмадан астам жоғары дәрежелі күдіктілерді босатты, деп хабарлайды РИА Новости Wall Street Journal атаусыз үкіметтік кеңесшісіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше жемқорлыққа қатысы бар деген тізімге іліккен күдіктілер бостандыққа шығу мақсатында келісім шарт жасасқан. Нәтижесінде қазіргі уақытта жиырмадан астамы босатылды.

Атап айтқанда Король әулетінің мүшесі Турки бен Халид, сонымен қоса бұрынғы қаржы министрі және Мемлекеттік мұнай компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Ибрахим әл-Асаф және Қаржы министрінің бұрынғы көмекшісі, Saudi Telecom компаниясының бұрынғы басшысы және тағы бір көрнекті бизнесмен бостандыққа шықты.

Ел үкіметі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі мүмкіндігінше тез шешуге ниетті.

Ұсталғандардың ішінде ең танымал миллиардер және инвестор әл-Валид бин Талал бин Әбделазиз Әл Сауд әлі күнге дейін қамауда.

Қазіргі таңда қамауда отырғандардың нақты саны белгісіз.

Еске сала кетейік, Қарашада Саудиядағы жемқорлықпен күрес операциясын жүргізген Мұхаммед бен Салман өз әулетіндегі 11 ханзаданы, ірі шенеуніктер мен дәурені жүріп тұрған бірнеше министрлерді, тіпті Ұлттық гвардия басшысы Мутаиб бин Абдолланы да тұтқынға алған болатын. Жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-қимылдардың нәтижесінде 200-ге жуық күдікті қамауға алынды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз