Қазақстан Пхеньянның саясатын «жауапсыз әрекет» деп айыптады

0
63

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша жағдайға түсінік бере отырып, ядролық зымыран сынақтарын жауапсыз әрекет деп айыптады, деп хабарлайды РИА Новости.

ҚР Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазақстандық сыртқы саясаттың азиялық бағыттардағы басымдықтарын атап өтті.

ҚР Сыртқы істер министрі «Аймақтағы қауіпсіздікке кері әсер ететін мәселе Солтүстік Корея тарапынан сынақ жүргізіліп жатқан ядролық зымыран бағдарламасы. КХДР 2016 жылы 14 баллистикалық зымыранды іске қосып, алтыншы ядролық сынақтың сәтті өткізілгендігі туралы жариялады. Бүгінге дейін Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық сынақ бағдарламасы төңірегіндегі шиеленісті жағдайды мұқият қадағалап отыр. Біз Пхеньянның ядролық қарусыз болашақты қамтамасыз ету үшін ұжымдық күш-жігерге нұқсан келтіретін жауапсыз саясатын айыптаймыз», деп мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз