Сирияда ұшақ апатынан 39 адам қаза тапты

0
104
дереккөзден

Сирияда ресейлік жүк тасымалдайтын АН-26 ұшағы апатқа ұшырап салдарынан 39 адам көз жұмды. Ұшақта 6 экипаж мүшесі және 33 жолаушы болған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Олардың ішінде ресейлік 27 офицер мен бір генерал-мойор және келісім шарт бойынша қызмет атқаратын әскерилер болды.

Ұшақ Хмеймим аэродромына қону барысында, ұшу-қону айлағына 500 метр қалған уақытта ұшақ жерге құлаған.

Қазіргі уақытта апаттың себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжам бойынша ұшақ техникалық ақау салдарынан апатқа ұшыраған.

Ресей қорғаныс министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, ұшақта болғандардың барлығы қаза тапқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз