Пхеньян: Шекара тас бекісе, зымыран сынақтары тоқтайды

0
120

Корей халық демократиялық республикасының (КХДР, Солтүстік Корея) президенті Ким Чен Ын алғаш рет ел аумағында Оңтүстік Корея делегациясын қабылдап, зымыран сынақтарына байланысты пікір білдірді. Қос Корей елінің теріскейдегі кездесуі «отандастарға деген сүйіспеншілікпен толы, жылы, достық атмосферада» өтті.

Кездесу барысында оңтүстіктен келген делегация президент Мун Чжэ Ин жолдаған хатты Солтүстік Корея басшысына табыстады. Сонымен қоса олар Корей түбегіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі жақсарту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында Ким Чен Ын ядорлық зымыран сынағынан бас тарту үшін шарт жасасты. Оның айтуы бойынша КХДР шекарасының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда Пхеньян ядролық зымыран сынақтарын тоқтатуға дайын.

Сондай-ақ, сәуір айында Оңтүстік пен Солтүстік он жылдан астам уақыт аралығында алғаш рет корейаралық саммит өткізеді.

Айта кетейік, Корей түбегіндегі ахуал 2017 жылдың басынан бері шиеленісе түсті. Алайда, Ким Чен Ынның ядролық қару сынақтары тек Оңтүстік Кореяның ғана емес, сондай-ақ батыс мемлекеттерінің де алаңдаушылығын тудырып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз