Сирияда төрт орыс жауынгері қаза тапты

0
112
Сириядағы орыс әскери полициялары, мұрағат

Сириядағы Дейр-эз-Зор провинциясында Сирия үкіметі қарулы күштері артиллериялық батареяларының оқ жаудыруы салдарынан төрт орыс жауынгері қаза тапты. РФ Қорғаныс министрлігінің 27 мамырда таратқан ақпарына сәйкес, екі ресейлік әскери кеңесші атыс орнында қаза тапқан. Бес орыс жауынгері жергілікті емханаға жеткізілген, олардың екеуі жарақат салдарынан көз жұмған.

РФ Қорғаныс министрлігі «лаңкестердің бірнеше мобильді тобы» батареяға шабуыл жасаған, салдарынан қақтығыс орын алған. Қорғаныс министрі бір сағатқа созылған қақтығыс нәтижесінде 40 лаңкес қаза тауып, ірі калиберлі қаруланған алты автомобильді жою мүмкін болғандығы туралы ақпар таратады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз