“Сіз халқымызға керексіз”. Тоқаев халық жазушысына орден тақты

0
174
Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. photo: akorda.kz

30 қазан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, “Қазақстанның Еңбек Ері” атағының “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісін табыстады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қазақстан президенті жазушының қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстандағы жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

– Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде дүниеге келген.

Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастаған. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған “Курляндия” романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. “Курляндия” романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы “Күткен күн” деген атпен қайта жариялады. “Қан мен тер” трилогиясы (1-кітап – “Ымырт”, 1961; 2-кітап – “Сергелдең”, 1964; 3-кітап – “Күйреу”, 1970) және “Сең” (1983), “Соңғы парыз”(1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз