Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин араға уақыт салып үлкен спортқа қайта оралғанын, алдағы күндерде үлкен жеңістер мен жетістіктер күтетінін хабарлап қиын күндерде қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірді.
Илья Ильин: Ешкім менен теріс айналған жоқ, барлығы дұрыс болды. Өмірде біреумен бірге жүрген күннің өзінде әркім өз бетімен кетеді, оның өмірі басқа, сенікі басқа. Ал сен әрі қарай қозғала бересің. Менен ешкім бет бұрып кеткен жоқ. Мен өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Осы орайда ата-анам мен отбасымды атап өткім келеді. Анам мен әкеме де қиын болды. Адамдардың бәрі бірдей әлсіздігін көрсетпейді, сол үшін ата-анама шыдас бергені үшін рахмет. Менімен бірге осындай қиын жағдайда қасқайып келді.
Илья үлкен спорттағы мансабы туралы «Спорттағы мансабымның мерзімі мен жастарға жол беру керек деген пікірге келсек… Мұны спорт тәртібі шешеді. Кім жеңіске жетсе сол барады. Токио олимпиадасынан кейін спорттан кету туралы ой да болды. Бейжіңге дайындығым өте жақсы еді. Бірақ өмірде осындай болады екен. Алдағы жарыстарда өз ісімді тамаша атқарып, құстай самғағым келеді. Тұғыр, сахна, адамдар – бұл адамды қуаттандырады», деп мәлімдеді.