“Қадір түні – тағдыр түні”

0
604
дереккөзден

Рамазан айының соңғы 10 күніне Ләйләт-ул-Қадыр қасиетті Қадір түні келеді. Осы жылы қасиетті Қадір түні 11- маусымнан  12- маусымға қараған түні.

Қадір түні – бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдірет» деген мағынаны да білдіреді.

«Қадыр» сүресінде «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аят бар. Мұхаммед (с.а.с) пайғамбар «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінен іздеңдер» деген [Бухари].

Kazaknews.kz қасиетті Қадір түнінде жасалуы керек амалдар мен оқылатын дұғаларға қатысты исламтанушы, Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы Фархат Исаұлының  шағын сұхбатын назарларыңызға ұсынады.

Қасиетті Қадір түнінде негізгі жасалуы қажет амалдар:

  1. Қасиетті Қадір түнінде Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасалып, намаз көбірек оқылуы керек.
2) Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойылуы қажет.
3) Пайғамбарға салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттену қажет.
4) Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып, қайырлы істер жасауға құлшылық таныту керек.
5) Алланы зікір етіп, Ұлы Жаратушының шексіз құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларына ой жүгіртіп, Алланы еске алумен жүрекке тыныштық ұялатуға барынша әрекет жасап, иманды күшейту.
6) Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істер жасауға құштар болу.

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар:

1) Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға
2) Алладан амандық дұға
3) Шипа сұрау дұғасы
4) Салиқалы әйел сұрау
5) Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну.
6) Адам Пайғамбардың (с.а.у.) тәубе жасағанда айтқан дұғасы
7) Кешірім сұрау дұғасы
8) Қадір түнінде оқылатын дұға
Сонымен қатар Алладан көркем құлшылық жасауда көмек сұрау, қабір азабынан, жаман халде қартаюдан сыйыну, Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға, қарыз бен уайымға батқан кісінің дұғасы, ісіңе береке сұрау дұғасы, пайдалы білім сұрау, салиқалы ұрпақ сұрау, екі дүние игілігін сұрау, ата-ана үшін жасалатын дұға т.б оқылады.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз