Тенге кім пышақ сұқты – сотта мемлекеттік айыптың нұсқасы тыңдалды

0
148
PHOTO: Kazaknews.kz

Мемлекеттік айыптаушы Қуандық Досов Денис Теннің өліміне қатысты оқиғаның барысын баяндады. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan хабарлайды.

Айыпталушылар: Арман Құдайбергенов, Нұрәлі Қиясов, Жанар Толыбаева. Екі ер адам Тенді соққыға жығып, өлтірді деген күдікке ілінсе, Толыбаева қылмысты құқық қорғау органдарына жеткізбегені үшін айыпталды.

Прокурор айыптау актісін оқыды, актіге сәйкес, Құдайбергенов Теннің бетінен белбеумен ұрған, ал Қиясов пышақ сұққан.

“Денис Тен әлдекімдердің көлігінің жанында айнасын ұрламақ болғандығын байқап қалған. Тен оларды тоқтатпақ болған. Осы сәтте Құдайбергенов Бәйсейітов көшесіне қарай қашқан. Тен оны қуып жеткенде екеуінің арасында төбелес басталған. Құдайбергенов шалбарының белбеуін шешіп алып, Теннің бетінен ұрған. Қиясов болса, сөмкеден пышақты алып, спортшының артынан келген. Ұрлықты жасыру үшін өлтірмек болған. Құдайбергенов Тенді ұстап тұрған сәтте Қиясов оның оң жақ беліне екі рет пышақ сұққан”, – деп баяндады оқиға бет алысын Досов.

199 мың теңге тұратын айнаны көліктен мемлекеттік айыптаушы Құдайбергеновтың шешіп алғандығын  алға тартты. Толыбаева қылмыс орнынан 7 метр жерде тұрған.

Сочи олимпиаданың қола жүлде иегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматыда көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың ізін кесемін деп кісі қолынан қаза тапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз