Теннің өліміне қатысы бар екінші күдікті құрықталды

0
124
ІІМ ұсынған фото

Полиция Денис Теннің өліміне қатысы бар деген екінші күдіктіні құрықтады. ІІМ таратқан ақпарға сәйкес, күдікті Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы Құдайбергенов Арман Бүрібайұлы.

Ірі көлемдегі іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Ақсай 2 шағын ауданында, № 42 жалпы білім беретін мектептің жанында ІІД тергеу-тексеру тобының арнайы құрылған жасағымен ұсталған.

Атап өтерлігі, Денис Теннің өліміне қатысты ішкі істер органдарының тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлерінің тергеу-тексеру амалдары нәтижесінде Теннің өліміне қатысы бар күдікті 1994 жылғы, Жамбыл облысының тумасы Қиясов Н. Д құрықталып, уақытша қамау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс Бас прокуратура мен ҚР ІІМ қатаң бақылауында.


Денис Тен 19 шілдеде Алматы қаласында өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың пышақ жарақатынан көз жұмды. Теннің өмірі үшін ақ халаттылар екі сағат алысты, дегенмен, құтқару мүмкін болмады. Д. Тен пышақ жарақаты салдарынан көп қан жоғалтқан күйі клиникалық өлім жағдайында емханаға жеткізілген.

Танымал спорт шеберінің ауыр қазасын қазақстандықтар үлкен күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы, министрлер, қоғам қайраткерлері, шетелдік өнер, мәдениет, спорт қайраткерлері қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан бас жаттықтырушысы Құралай Узурова Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетінін хабарлайды. Қоштасу рәсімі сағат 10.00-де басталады.

Астанада 21 шілде, сағат 10.00-де  “Барыс Аренада” Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз