“Тобыл” Арменияның 11 дүркін чемпионымен кездеседі

0
72

Еуропа лигасы алғашқы іріктеу кезеңі бойынша Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Грузияның «Самтредиа» клубын 2:0 есебімен жеңді. Қостанайлықтар аталмыш командадан алғашқы кездесуде 1:0 есебімен басым түскен еді.

Қостанайдың «Тобылы» екінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Пюник» клубымен ойнайды. Армениялық клуб сырт алаңда Македонияның «Вардар» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

«Пюник» Армения астанасы – Ереван қаласының намысын қорғайды. Inform.kz ақпаратына сүйенсек команда 1992 жылы құрылған. Арменияның 11 дүркін чемпионы атағын жеңген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз