“Қайраттың” қарқыны қатты

0
96

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Алматылық “Қайрат” Андорраның “Эндоргань” командасын айқын басымдықпен ұтты. 

Алғашқы ойын 1 апта бұрын өтті. Ондағы қорытынды есеп 3:0 Қайраттың есебіне шешілген болатын. Мұны ескерген “Қайраттың” бас бапкері Карлос Алос Феррер өз алаңында өтетін қарымта ойынға кілең жас ойыншыларды шығарды. Нәтижесінде қарқыны қатты жастар қарсылас қақпасын 7 рет дәл көздеді. Атап өтейік, «Қайраттың» венгриялық шабуылшысы Мартон Эппель бұл ойында 4 гол салды. inform.kz жазғандай бұл біздің клубтардың Еурокубок ойындарында жасаған тұңғыш покері саналады.

Жалпы қорытынды есеп 10:1. “Қайраттың” екінші кезеңдегі қарсыласы – Голландияның Алкмар қаласының АЗ командасы. Алғашқы ойын 26 шілдеде Алматыда өткізілсе, қарымта кездесу 2 тамызда болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз