Кнессет Израильді еврей ұлттық мемлекеті деп жариялады

0
109
дереккөзден

Израиль парламенті (Кнессет) Израиль енді еврей мемлекеті деп танылатын заң шығарды. Аталған заңда Иерусалим Израильдің біртұтас әрі бөлінбес астанасы деп жазылған.

Араб тілінің деңгейі ойсырайды

BBC таратқан ақпарға сәйкес, жаңа қабылданған заң аясында бұған дейін елде ресми тілдің бірі саналып келе жатқан араб тілінің деңгейі төмендейді. Кнессеттегі араб депутаттары аталған заңды сынға алды, дегенмен, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аталған заңның қабылдануын төңкеріс деп санайтынын жеткізді.

Ел үкіметінен қолдау тапқан жаңадан қабылданған заңға сәйкес, Израиль – өз аумағында ұлттық мүдделерді анықтай алатын құқыққа ие еврей мемлекетінің тарихи отаны.

Заң жобасы дауға ұласты

Кнессетте аталған заңға қатыст дау-дамай 8 сағатқа дейін жалғасты. Заңды қолдап 62 депутат дауыс берсе, қарсы болғандары – 55. “Еврей мемлекетінің сипаттамасы туралы” таңертең қабылданған заң Израильдің 14-ші рет қабылдаған Негізгі заңына айналды. Елде Конституция жоқ. Елдің заңы 1948 жылғ қабылданған тәуелсіздік Декларациясы негізінде сондай-ақ, әр түрлі жылдары қабылданған Негізгі заңдар арқылы айқындалады.

Дегенмен, заң жобасының кейбір тармақтары ел президенті мен Бас прокурордың сынына ұшырап, алынып тасталды. Мәселен, заң жобасындағы баптардың бірінде тек қана еврейлерден құралатын аудандар мен қалашықтар тұрғызу жайы қаралған.

“Еврейлердің құқығы үстем”

Арабтар Израильдің 9 миллион халқының 20 пайызын құрайды. Қазіргі күшінде тұрған заңға сәйкес, арабтар Израиль азаматтары ие барша құқықты қолданады, дегенмен, олар мемлекет білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй салаларында өздеріне аз ақша бөлетіндігін айтып, жиі шағымданады.

Кнессаның құрамындағы араб депутаты еврей мемлекеті туралы заңды елдегі демократияға нүкте қою деп атады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз