Мемлекет басшысы Қостанай облысына іс сапарының екінші күнінде «Теннис орталығы» спорт кешеніне барды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасы Қостанай облысының 6 теннис орталығы аумағын аралап, жас теннисшілермен кездесу өткізді.
Қазақпараттың хабарлауынша кездесу соңында Мемлекет басшысы спортшыларға денсаулық пен жарқын жеңістер тілей отырып, өзінің сүйікті спорт түрін айтты.
«Теннис – менің сүйікті спортым. Бір кездері мен оны қатты ұнататынмын. Мен үнемі білімді, шыныққан, дені сау адам ғана жеңіске жетеді деп айтамын. Сол себепті де жастар әрдайым спортпен шұғылдану қажет. Достарыңызды белсенді түрде спортпен айналысуға шақырыңыздар», деді Елбасы.
«Теннис орталығы» спорт кешені 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен салынған болатын.
2016 жылдан бері ашық және жабық корттарда бірнеше республикалық жасөспірімдер турнирі, сонымен қоса әуесқойлар мен ардагерлер турнирін өткізіп келеді.
Жадыра Аманбайқызы