Йеменде аштық басталуы мүмкін-БҰҰ

0
110
ашық дереккөзден

БҰҰ гуманитарлық көмек жөніндегі бас хатшысының орынбасары Марк Лоукок Сауд Арабиясы басқарған коалиция блокаданы алып, аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуді қалпына келтірмейінше, Йемен «соңғы бірнеше он жылдықтағы ең қорқынышты» ашаршылық қаупінің алдында тұрғанын мәлімдеді.

«Бұл шаралар жойылғанға дейін Йеменде ашаршылық болады. Бұл 2011 жылы Сомалиде 250 мың адамның өмірін қиған аштықтай болмайды. Бұл бірнеше он жылдықта орын алмаған ең сұмдық аштық болады, миллиондаған адамдар оның құрбаны болуы мүмкін», – деп мәлімдеді БҰҰ-да баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасау барысында М. Лоукок. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін бес қадам жасауға , соның ішінде «барлық теңіз порттарына, әсіресе азық-түлік, отын, медицина және басқа да тауарларға гуманитарлық және коммерциялық қол жеткізуді қалпына келтіруге» шақырды.

Дүйсенбі күні Араб коалициясының қолбасшысы йемендік бүлікші-хуситтардың Эр-Риядқа зымыран жіберуіне байланысты Йеменнің барлық жер, әуе және теңіз порттарын жауып тастағанын мәлімдеді. Сәрсенбіде коалиция Йеменнің ірі порты Аданның жұмысына қатысты тыйымды алып тастады.

Атап өтерлігі, Йемендегі азаматтық соғыс 2014 жылдан бастап жалғасуда және халықтың көпшілігін ауыр гуманитарлық жағдайға душар етті. Араб коалициясы Йемен билігі тарапынан соғыс кезінде бүлікшілерге қарсы әрекет етуде. БҰҰ бұдан бұрын Йемен порттарының жабылуы жағдайына алаңдаушылық білдірді, бұл гуманитарлық көмекке қол жеткізудің шектелуіне әкелді. БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик бұл аштық қаупіне әкелетінін айтты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз