Пойыз кестесіне жаңа өзгерістер енгізілді

0
94

Қазақстанда 10 желтоқсаннан бастап жаңа пойыздың кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Темір жол жолаушылар тасымалы.

Теміржол көлігі жөніндегі кеңестің 66-шешіміне сәйкес 2017 жылғы 10-желтоқсаннан бастап 2017-2018 жылдарға арналған жаңа пойыздың кестесі жасалатын болады.

Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында күнделікті айналымда № 154/153 Астана-Семей қосымша жылдам пойызы іске қосу жоспарланып отыр.

2018 жылдың 1 – қаңтарынан бастап «Астана-Лениногорск» № 376/375 стандартты пойызының жылжымалы құрамы заманауи «Талғар-Тальго» вагондарымен ауыстырылады.

Сонымен қоса 2018 жылдың 1 – қаңтарынан бастап жылдамдатылған пойыздардың нөмірлері өзгереді.

– Алматы – Атырау бағытында жүретін № 35/36 пойыздардың орнына № 77/78;

– Астана – Актобе бағытында жүретін № 97/98 пойыздардың орнына № 87/88;

– Алматы – Петропавловск бағытында жүретін № 703/704  пойыздардың орнына 705/706;

– Астана – Шымкент бағытында жүретін № 709/710 пойыздардың орнына № 707/708 пойыздар жіберіледі.

Сондай-ақ, «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша № 303/304 «Алматы-Екатеринбург» пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды.

«Алматы-Екатеринбург»  бағытындағы пойыз 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық № 303/304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы ретінде қатынайтын болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз