Парламентте БАҚ-қа қатысты заңға түзетулер енгізу мақұлданды

0
62
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жалпы отырыста бірінші ақпарат пен коммуникация мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда  мақұлдады. Құжатты Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев таныстырды.

Сонымен бірге, депутаттар мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарына жауап беруі үшін ұсынылатын максималды мерзімді төмендетуді ұсынды деп хабарлайды Ca-news.

Аталған мәселеге қатысты сөз қозғаған министр мемлекеттік органдар үш күн ішінде жауап беруге үлгермейтіндерін мәлімдеді (қолданыстағы заңнамада белгіленгендей). «Сондықтан біз жалпы тәжірибені ескере келе – 15 күн деп белгіледік, әлемдік тәжірибеде 20 күн, бір айға дейінгі уақытты алады. Меніңше мұнда тұрған ештеңе жоқ. Біз жұмыс тобында (Мәжілісте) бұл мәселені талқыладық, енді қазір оны Үкімет қарап жатыр», – деп мәлімдеді Д. Абаев.

Министрдің айтуынша, азаматтар мемлекеттік органдарға жүгінген кезде де, жауап беру мерзімі 15 күнді құрайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз