Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің екі мұғалімі Демирел Осман мен Алтынташ Иса үйлеріне оралуға қорқады және осы себептен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан саяси баспана сұрауға мәжбүр.
Педагогтердің және олардың отбасыларының жай-күйін өзінің әлеуметтік парақшасында (facebook) Әлібек Смаилов есімді қолданушы жан-жақты баяндап берді.
«Мәселенің мәні – тамыз айынан бастап педагогтерге және олардың отбасы мүшелеріне Павлодар облысының құқық қорғау органдары (ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ көші-қон қызметі) тарапынан психологилық тұрғыда соның ішінде олардың Түркияға оралуларына қатысты шаралар қолданыла бастағанында», – деп жазады Ә. Смаилов (жалғасын сілтемеден оқи аласыздар).
Полтора месяца назад ко мне, как бывшему выпускнику Павлодарского Казахско-Турецкого лицея, а также юристу, обратились п…
Geplaatst door Alibek Smailov op zaterdag 23 september 2017
Бұдан өзге Смаилов «Бүгінгі күні олар көмекке зәру. Олар Қазақстан Президентінен босқын мәртебесін алу арқылы (саяси) баспана сұрауға мәжбүр. Олар азаматтық алуды немесе тұруға арналған рұқсат сұрамайды, себебі олар бұлардың барлығына белгілі бір заңнамалық талаптар қажет екенін түсінеді. Өздерінің кесірінен Қазақстан заң-талаптарының бұзылғанын қаламайды», – деп түсіндіреді.
Естеріңізге салсақ, жақында белгілі экономист және «Нұр Орда» мектеп-лицейінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Олжас Құдайбергенов Түркиядағы Қазақстан елшісіне ашық хат жазған болатын. Оның айтуынша, түрік билігі Қазақстанның ішкі істеріне араласып, қазақ-түрік лицейлерінде қызмет ететін ұстаздарды елдеріне қайтару үшін барын салуда. Ал Түркияға оралған ұстаздар сотсыз, тергеусіз түрмеге қамалуы мүмкін. Құдайбергеновтің мәлімдеуінше, Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлеріндегі 200 педагогтен тек 34-і ғана қалған. Сонымен қатар, соңғы айда төрт адам елге кіре алмаған.
Қазақстанда түрік ұстаздарға қатысты мәселелер 2016 жылдың жазында Түркияда төңкеріс әрекеті ретінде бағаланған жағдайдан кейін басталды, деп түсіндіреді Құдайбергенов. Содан бері ресми Анкара өз азаматтарына қарсы шаралар қолданып келеді. Он мыңдаған мемлекеттік қызметкер мен әскерилер тұтқындалды. 170 мыңға жуық кісіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бір қызығы: олардың көпшілігі кезінде университет пен мектептерде қызмет еткен қатардағы оқытушылар. Түркияда бұдан өзге 700-800 мың азамат жұмыстан қуылып, қысқартуларға ұшырады.
Сайлаубай Сабина