Мұнай өндіру көлемі неше есеге артты?

0
80

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР президентінің жолдауын іске асыру және газ саласы мен Қазақстанда мұнайды кеңінен өңдеу» тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті.

Жиында мұнай-газ өндіру саласына байланысты жоспарлар жарияланды. Биыл жыл соңына шейін 85 млн тоннаға жуық қара алтынның өндірілуі көзделінген. Мұнайдың өнделуі 14 млн тоннадан аспақ. Газ өндіру көлемі болса, 48 млрд. м³-ден асады деп күтілуде. Ал өнделетін газдың көлемі 29 млрд. м³-ден асады деген жоспар бар.

Ал осы жылдың алғаш 8 айының қорытындысын есепке алатын болсақ, мұнай өндіру көлемі 56,9 млн тоннаны, ал оның өңделуі 10,02 млн тоннаны құрады. Газ өндіру көлемі бойынша 35,1 млрд. м³ көрсеткіші тіркелсе, сұйылтылған газ көлемі 1,9 млн тоннадан асты. Бұл көрсеткіштер 2016 жылмен салыстырғанда орта есеппен 110%-ға өсті.

Қазақстан өндірістің нақты көлемінің индексі бойынша ТМД елдері арасында Ресей мен Түркіменстаннан кейін үшінші орында.

Тәуелсіздік жылдарында газ өндіру көлемі 5 есеге артты. Мәселең, 2016 жылы 46,4 млрд. м³-ті құрады. Ал биыл газ өндіру көлемі 48 млрд. м³-тен астам болады деп күтілуде.

2016-2040 жж газ өндірудің орташа өсу қарқыны 4% деңгейде болады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда еліміздің 8 млн 35 мың тұрғыны газбен қамтамасыз етілгені атап өтілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз