Қазақстандық самбошылар Азия ойындарында табысты өнер көрсетті

0
101

Қазақстандық самбошылар Ашхабадтағы жауынгерлік өнер бойынша жабық ғимаратта өткен V  Азия ойындарында ұлттық құрама қоржынына 7 алтын, 6 күміс, 6 қола медаль салды.

Отандастарымыз Қанжанов Бейімбет (-52 кг), Қуанов Есет (-62 кг), Жылқыбаева Айжан (-48 кг), Кенбейіл Ажар
(-60 кг), Жұмабаева Динара (-64 кг), Құрышбаева Ділдаш (-68 кг), Бектасқызы Зере (-72 кг) чемпион атанды.

Атап өтерлігі, 9 елдің ішінде Қазақстан құрамасы самбодан  Түркіменстаннан (8 алтын, 6 күміс және 9 қола) кейін екінші орынға ие болды, үшінші орын айыр қалпақты ағайын Қырғызстанға (3 алтын, 3 күміс және 8 қола) бұйырды.

Қазақстандық спорт және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Рәпіл Жошыбаев спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, биылғы жылдың 8-13 қарашасы аралығында өтетін самбодан Әлем чемпионатына, 2018 жылы Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына сәттілік тіледі.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз