Тоқаев Кесслерді қабылдады

0
91
ҚР Сенаты

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Вульф институтының» негізін қалаушы-директоры Эдвард Кесслерді қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

 Сенат басшысы мейманмен кездесуде әр түрлі  дін өкілдерінің арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға бағытталған институттың миссиясы мен қызметі толеранттық және тұрақтылыққа басымдық берілетін Қазақстанның мемлекеттік саясатына жақын екенін атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VI Съезі туралы хабардар етті.

Форум халықаралық шиеленістерді шешу жолдарын іздестіру, толеранттық қағидалары мен жаһандық ауқымдағы өзара түсіністікті нығайтудағы алдыңғы қатардағы мемлекеттердің көшбасшыларына, бұрынғы және қазіргі танымал саясаткерлерге, діни көшбасшылар мен ғалымдарға арналған тамаша алаңды ұсынады,

– деді Тоқаев.

Бұдан өзге тараптар 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы съезі аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сенат төрағасы Э. Кесслерді аталған съезге үн қатысуға шақырды.

Вульф институты қазіргі кезде «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының Төрағасы лорд Гарри Кеннет Вульфтің атымен аталған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз