Бір күн жетпейді – Трамп Ким Чен Ынмен кездесу турасында

0
84
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен біркүндік саммит барлық мәселелерді талқылауға мүмкіндік бермеуі ықтимал екендігін алға тартты.

«Біз барлығын бір кездесуде талқылап үлгереміз деу нақты емес», деген Трамп екінші, үшінші саммит өтуі әбден ықтимал екендігін алға тартты. Дегенмен, Трамп бұл аталған саммиттердің біреуі де өтпеуі ғажап еместігін алға тартты, деп жазады РИА Новости.

Трамптың сөзінше, Нью-Йоркта КХДР делегациясымен қалыпты кездесу өткен. Сондай-ақ Трамп жұма күні Ким Чен Ыннан өзіне хат келетіндігін де жария етті. АҚШ басшысы Солтүстік Корея басшысымен 12 маусым Сингапурде   кездесу өтетіндігіне тағы да сенім білдірді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз