Оралу
Оқиға Трамп босқындарды отбасынан айырмау туралы бұйрыққа қол қойды
20 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп шекарада тұтқынға алынған заңсыз мигранттардан балаларын тартып алмау туралы бұйрыққа қол қойды. Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, бұйрыққа қол қоюға себеп – әлемдік қауымдастық тарапынан көрсетілген қысым.
Дегенмен, құжатқа сәйкес, заңсыз мигранттарға «нөлдік төзімділік» саясаты жүреді.
Соңғы апталарда АҚШ билігі арнайы орталықтарға шекарада тұтқынға алынған заңсыз мигранттардың 2300-ге жуық балаларын орналастырылған. Балаларды отбасынан айыру әлемдік қауымдастықта үлкен қарсылық тудырды. ЮНИСЕФ ұйымының атқарушы директоры Генриетта Фор мұндай «қатаң саясаттың ешкімге, атап айтқанда, балаларға қажеті жоқ, мұның салдарынан көбіне балалар зардап шегеді», – деп мәлімдеді. АҚШ билігінің аталған әрекетін сондай-ақ БҰҰ адам құқықтары бойынша Жоғары комиссары мен Лос-Анджелестегі Симон Визенталь Орталығы сынға алды.
Сафина Саид