Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты

0
55
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусым Сингапурге жоспарланған КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты. Бұл туралы 24 мамырда Ақ үй хабарлады.

Ким Чен Ынге жіберілген хатта Трамп 12 маусымға жоспарланған кездесуге ниетті болғанын дегенмен, Солтүстік Корея өзінің соңғы әрекетімен «ашық дұшпандығын» білдіргенін алға тартты дейді. Сондықтан, АҚШ президенті кездесуді заманға лайықталған деп санамайды.

Трамп өзінің Кимге жіберген хатында бүкіл әлем әсіресе, Солтүстік Корея үлкен әлеует, ынтымақтастық пен әл-ауқаттың мүмкіндігінен айрылды, деп жазады. «Жіберілген бұл мүмікіндік ақиқатында – өте өкінішті», – дейді АҚШ басшысы.

Біраз уақыт өткеннен кейін Трамп Ақ үйде бұрынғыдай Ким Чен Ынмен кездескісі келетінін жоққа шығармады. Сондай-ақ, «Біздің әскер дайын» деп емеурін білдіріп, жақын уақытта қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен кездескенін алға тартып, Вашингтон Пхеньянның тарапынан басқындық болса, жауап қайтаруға әзір екендігін атап өтті.


 Бұдан екі күн бұрын Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің өтпеуі ықтимал екендігін мәлімдеген еді.

16 мамырда Солтүстік Корея АҚШ тарабы Пхеньянды ядролық арсеналдан толық бас тартуын талап етуін тоқтатпаса, саммит өтпейді деп сес көрсетті. Бұл туралы Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гэ Гван хабарлады.

24 мамырда БАҚ-та Солтүстік Корея елдің солтүстік-шығысында орналасқан «Пунгери» ядролық полигонын бөлшектегендері  туралы ақпар тарады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз