Солтүстік Корея Пхунгеридегі ядролық полигонды толығымен бөлшектеді

0
91

Солтүстік Корея Пхунгери аймағындағы ядролық полигонын толықтай жойғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлайды.

Ядролық полигонды толықтай жою рәсімі Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Агенттіктің хабарламасында «Шахтада, бақылау бекеттерінде және командалық пункттерде, ядролық сынақ полигонының ғылыми-зерттеу институттарында орналастырылған әртүрлі жабдықтар, ақпараттық жүйелер, байланыс және энергетика, құрылыс және пайдалану жүйелері толықтай бөлшектелінді», – делінген.


Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын елдің солтүстігіндегі ядролық полигонның жабылғанын сондай-ақ, зымыран және ядролық сынақтардың тоқтатылғаны туралы жариялады. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамппен Солтүстік Корея басшыларының алдағы кездесуінің аясында жасалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз