КХДР АҚШ-пен келіссөздерге құлықты

0
224
дереккөзден

Солтүстік Корея АҚШ президенті Дональд Трамптың КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуіне бас тартуына қарамастан, келіссөздерге бұрынғыдай ниетті. Бұл туралы 25 мамырда Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ким Ге Гван мәлімдеді. Ким Ге Гванның айтуынша, КХДР билігі мәселені шешушде ашықтық танытады.

Ким Ге Гванның сөзінше, саммиттен бас тартуды Солтүстік Корея билігі «өте қайғылы» деп санайды. Reuters таратқан ақпарға сәйкес, Ким Ге Гван Солтүстік Корея мәселені шешуде АҚШ-пен кез келген форматта және кез келген жерде кездесуге дайын екендігін алға тартқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусым Сингапурге жоспарланған КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты. Бұл туралы 24 мамырда Ақ үй хабарлады.

Ким Чен Ынге жіберілген хатта Трамп 12 маусымға жоспарланған кездесуге ниетті болғанын дегенмен, Солтүстік Корея өзінің соңғы әрекетімен «ашық дұшпандығын» білдіргенін алға тартты дейді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз