БҰҰ АҚШ пен КХДР жайына алаңдаулы

0
88
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутериш

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуінің өтпеуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. 24 мамыр Женева университетінде ядролық қарусыздануға қатысты мәлімдеме жасаған Гуттериш АҚШ пен Солтүстік Кореяны Корей түбегін бейбіт мақсатта қарусыздандыруда өзара диалогты жалғастыруға шақырды, деп жазады Deutche Welle басылымы. 

Гуттериштың мәлімдемесінен бірнеше уақыт бұрын АҚШ президенті КХДР басшысы Ким Чен Ынмен 12 маусымға жоспарланған Сингапурда өтетін кездесуден бас тартқанын мәлім етті. Соңғы уақытта АҚШ пен КХДР арасындағы жағдай тағы да ушыға бастады. АҚШ Пхеньяннан түбекті толықтай ядролық қарусыздандыруды талап етсе, КХДР бірқатар шарттар қоюда.

Қару-жарақпен қамтылуға шекті шығын

Өз кезегінде, БҰҰ Бас хатшысы Гуттериш жаппай қырып-жоятын қарудан барша жаһанды бас тартуға шақырды.

Антониу Гуттериш әлем елдерін осы жылдың өзінде әскер мен қарулануға 1,7 млрд доллар жұмсағандары үшін айыптады. Бұл бүкіл әлем бойынша гуманитарлық көмек көрсетуден 80 есе көп екенін алға тартқан Гуттериш әлем елдері қару-жарақ сатып алып жатқанда, кедейлікпен, сауатсыздықпен, ауру-сырқаумен және климаттық өзгерістермен күресуге ресурстар жетпейтінін атады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз