Франция Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

0
45

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келіссөздер барысында киберқылмыспен күресу және Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалды реттеу туралы Минск келісімін жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қоса, үш сағатқа созылған келіссөздер барысында тараптар АҚШ-тың Ирандық ядролық келісімнен бас тартуы, Сирия дағдарысы мәселелерін тыс қалдырмады.

Екіжақты келіссөзден кейін баспасөз мәслихатында Макрон Сирия дағдарысын шешу мәселесінде барлық өңірлік державалар ат салысуы тиіс екенін атап өтіп, Францияның Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 50 миллион еуро жіберетінін мәлімдеді.

Франция президенті «Қомақты қаржы Сирия аумағында гуманитарлық қызмет көрсетуге жұмсалады және адамдардың гуманитарлық көмекке жүгінуіне жағдай жасайды. Бұл шара Сирияға пайдамызды тигізуге мүмкіндік береді», – деді.

Сондай-ақ, екі ел басшыларының кездесуінде Ресей мен Франция арасындағы мәдени мұра және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.



        

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз