Путин мен Макрон КХДР-АҚШ саммитіне пікір білдірді

0
79
Euronews

Екіжақты қарым-қатынас, Сириядағы жағдай, Украина, Иран мәмілесі. Аталған тақырыптар Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макронның келіссөздерінің күн тәртібін құрады. Қос президент кездесу қорытындысы бойынша, АҚШ-КХДР саммитінің өтпеуіне байланысты пікір айтты, Ресей өкініш білдірді, деп жазады Euronews.

Ресей президентінің пікірінше, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз тарапынан уәде еткеннің бәрін жасады, тіпті ядролық полигондар мен туннельдерді де бұзды. «Бірақ кейіннен біз АҚШ-пен аталған келіссөздің болмайтынынан хабар аламыз. Диалог қайтадан жанданады деп үміттенеміз», – дейді Путин.

Өз кезегінде, Франция президенті Макронның пікірінше, «аталған келіссөздің мақсатына жетуі аймақ үшін өте қажет». Франция президенті Трамп КХДР-мен келіссөзді тәрк етсе де, Париж Корей түбегінің ядролық қарусыздануына ары қарай да қолдау жасайтындарын алға тартып, жаһан алпауыттарын бірлескен іс-қимылға шақырды.


АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусым Сингапурге жоспарланған КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты. Бұл туралы 24 мамырда Ақ үй хабарлады. Ким Чен Ынге жіберілген хатта Трамп 12 маусымға жоспарланған кездесуге ниетті болғанын дегенмен, Солтүстік Корея өзінің соңғы әрекетімен «ашық дұшпандығын» білдіргенін алға тартты дейді.

Өз кезегінде, Солтүстік Корея президент Трамп екіжақты кездесуден бас тартса да, АҚШ-пен кездесуге құлықты екендерін жеткізді. Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ким Ге Гванның айтуынша,саммиттен бас тартуды Солтүстік Корея билігі «өте қайғылы» деп санайды.


Атап өтерлігі, Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин кездесті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз