Үндістанда автобус көпірден құлап, 14 адам көз жұмды

0
83

Үндістанның шығыс бөлігіндегі Бихар штатында автобус көпірден құлап, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды korrespondent.net.

Үндістанның Аурай елді мекенінен Ситамархи қаласына бара жатқан автобус құрғап қалған арнамен жүріп келе жатып, көпір қоршауын қағып кетіп, төменге қарай құлаған. Апат салдарынан 10 адам оқиға орнында төрт жолаушы ауруханада қаза тапты. Тағы 40-тан астам адам жарақат алған.

Апаттық жағдайдың нақты себептері әзірге белгісіз.

Бұдан бұрын Үндістанның солтүстік-шығысында орналасқан Батыс Бенгалия штатында рейс автобусы өзенге құлып 40-қа жуық адам көз жұмған еді.

Автобус көпірден өзенге құлаған кезде есігі бекітіліп қалып, жолаушылар сыртқа шыға алмай қалған. Полиция мен профильдік қызметтер оқиға орнына кешігіп жеткен, ал құтқару жұмыстарын жергілікті тұрғындар жасаған. Полиция мен құтқару қызметтері оқиға орнына келіп жеткенде, кешіккендері үшін тұрғындардың наразылығына ұшыраған. Қала тұрғындары құтқару қызметінің көліктеріне тас лақтырып, бірнеше полиция көлігін аударған, ал кейбіреуін тіпті өртеп жіберген.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз