Путин төртінші рет Ресей президенті болып сайланды

0
91
дереккөзден

Владимир Путин сайлауда жеңіске жетіп төртінші рет Ресей Федерациясының президенті болып сайланды. Бұған дейін үш мәрте президент және премьер-министр ретінде 4 жыл қызмет атқарған ол кешегі сайлаудан кейін қайта жеңіске жетті.

Сайлаудың алдын-ала қортындысына сәйкес, 8 кандидаттың ішінен көш бастаған Путинді сайлаушылардың 76 пайызы яғни 52.6 миллион адам қолдапты. Орталық сайлау комиссиясының айтуынша бұл Ресейдегі рекордтық көрсеткіш болып есептеледі.

Ресей аумағындағы президенттік сайлауға дауыс беру 18 наурызда Мәскеу уақытымен 21:00-де аяқталды. Сайлаудан кейін Владимир Путин Ресей үкіметінің құрамында бірқатар өзгерістер болатындығы жайында мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық өзгертулер өз өкілеттілігі жаңа мерзімге енгізгеннен кейін болады. 

Владимир Путинге 2000 жылғы сайлауда Ресей халқының 52.9% (39.7 млн сайлаушы), 2004 жылы 71.31% (46.9 млн сайлаушы), 2012 жылы 63.6% (45.6 млн сайлаушы) дауыс берген еді. 2008 жылы Дмитрий Медведевты дауыс берушілердің 70.3%-ы яғни 52.2 милллион адам қолдаған болатын.

РФ президентінің инаугурация рәсімі 7 мамырға белгіленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз