Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш және Раджастхан штаттарында құмды дауылдың салдарынан 109 адам қаза тапты. Тағы 150-ге жуық кісі зардап шеккен. Бұл туралы Ca-news хабарлайды.
Сағатына 130 шақырым жылдамдықтан тұратын құмды дауыл ағаштар мен үйлерді қиратып, жарық беру желілеріне зақым келтерген.
Қаза тапқандардың басым бөлігі – Уттар-Прадеш штатының тұрғындары. Табиғат апатына байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, олардың отбасыларына 400 мың рупий көлемінде ақшалай көмек берілетінін жеткізді.