Ержүрек сарбаз ерлігі үшін марапатталды

0
243

Бүгін, Ақордада әскери қызметкерлер мен ерен еңбегімен көзге түскен сарбаздарды марапаттаған Елбасы екі бірдей баланы өрттен аман алып шыққан ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімшесінің сарбазы Әлеуханов Ғалымжан Мейірханұлын «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

«Өрттің жанып жатқанын көріп, ата-аналарының көз жасы жібермей «балам» деп жылап тұр. Сол сәтте біз енді елге қызмет етіп жүргеннен кейін сол өрттің ішіне кіріп, екі баланы алып шығу басты мақсатым болды», дейді Ғалымжан Әлеуханов.

Нұрсұлтан Назарбаев: Бейбіт күнде басын қатерге тігіп екі баланы өрттен алып шыққан Ғалымжан Әлеуханов ерен ерлік көрсетті. Оның бұл ісі барша жұртқа үлгі. Сол себептен оны «Ерлігі үшін» орденімен марапатталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз