Тегеран ядролық келісімді қайта қарастырмайды

0
55
Иран сыртқы істер министрі - Мохаммад Зариф

Иран Бірлескен іс-қимыл жоспарын «қайта қарамайды немесе өзгерістер енгізбейді». Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.

«Біз өзіміздің қауіпсіздігімізге сыртқы ойыншыларды тартпаймыз, өзіміз орындаған келісімді қайта қарастырмаймыз немесе өзгертпейміз», – деп мәлімдеді Зариф Twitter парақшасында жариялаған мәлімдемесінде. 

Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді.

АҚШ президенті Д. Трамп 12 мамырда Бірлескен іс-қимыл жоспарын Құрама штаттар тәрк етеді ме, әлде мәміледе қалады ма, аталған сұрақтың жауабын береді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз