Сирияда орыс истребителі апатқа ұшырады

0
113
Су-30

Сирияда ресейлік Су-30СМ истребителі апатқа ұшырап, ұшақта болған екі ұшқыш қаза тапты. Бұл ақпарды Ресейдің қорғаныс министрлігі бейсенбі 3 мамырда растады.

Апат истребитель Хмеймим аэродромынан әуеге көтерілген сәтте Жерорта теңізінің үстінде болған. РФ Қорғаныс министрлігі ұшаққа оқ атылмаған, бірақ қозғалтқышына құс кіріп кетуі мүмкін деп мәлімдеме жасады.

Наурыз айының басында Хмеймим базасында ресейлік Ан-26 транспорттық ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 39 әскери қызметкердің барлығы қаза тапты. РФ Қорғаныс министрлігі сол сәтте ұшақ ұшу-қону жолағына жетпей, жерге соқтығысты деп мәлімдеген болатын. Әскерилер сол сәттің өзінде «ұшаққа қарсы оқ атылмады» деп хабарлаған еді. 3 ақпанда Идлиб провинциясында Ресейдің шабуылдаушы ұшағы атып түсірілді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз