Қытай КХДР мен АҚШ-тың өзара диалог құру ниетін қолдады

0
153
дереккөзден

Қытай Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа келуін және АҚШ пен КХДР арасындағы диалогтың жақын арада болғанын қалайды, себебі Корей түбегінде қарқын алған оң әлеует барлық аймақтың мүддесіне жауап береді. Бұл туралы дүйсенбіде Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілі Чон Ый Ёнмен кездесу барысында Қытай сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.

Қытай сыртқы істер министрінің сөзінше, қазіргі уақытта Корей түбегінде Қытай әрдайым қолдау көрсететін оң үрдіс байқалады, бұл бүкіл аймақтың қызығушылығына сәйкес келіп, барлық әлемдік қоғамдастықтың күткенін көрсетеді, деп жазады РИА Новости.

«Қытай Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея қарым-қатынасының оңалғанын қалайды, АҚШ пен КХДР арасындағы өзара диалогты жақын арада бастауға шақырады».

Қытай сыртқы істер министрі Оңтүстік және Солтүстік Корея бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасау ниетін әрі қарай дамытып, күш біріктіріп, Корей түбегінің жаңа жарқын болашағын жасайтындарына сенім білдірді.

Чон Ый Ён өз кезегінде Сеул Қытайдың Корей түбегіндегі мәселені шешу жолында мәмілеге келушілікті қолдау саясатының рөлін жоғары бағалайтынын алға тартты.

Бұған дейін Пхеньянда Оңтүстік Кореядан келген делегациямен кездесу барысында КХДР басшысы Ким Чен Ын сәуір-мамыр айларында Оңтүстік Корея және АҚШ басшыларымен кездесу ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді. АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысының жеке кездесу туралы ұсынысын қабыл алды. Ақ Үй қос мемлекет басшыларының кездесу орны мен уақыты кейін хабарланатынын мәлімдейді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз